Өзім жайлы

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Оңғарбай Жанғозы
Менің педагогикалық ұстанымым:
“Сабақты беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңалық табатын өнер.”
Ж. Аймауытов
Педагогикалық тұжырымдамам:
Үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.
Менің жұмыс жасайтын мәселем:
“Оқытуды ғылыми және педагогикалық тұрғыдан дамыту арқылы оқушыларға сапалы және терең білім беру.”
Менің педагогикалық тұғырнамам:
Менің рухани интеллектуалдық және өмірлік тәжірибем барысында қалыптасқан педагогикалық тұғырнамам келесі компоненттерден тұрады:
- Оқытуды бүгінгі күн талабына сай – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс – әрекетке қабілетті, дарынды, елжанды, еркін тұлға тәрбиелеу;
- Интеллектуалдық, зиялы және білімді тұлға тәрбиелеу үшін өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіріп отыру;
- Оқытудың озық заманауи әдістері мен тәсілдерін, құралдарын игеру арқылы білім беру процесін жетілдіру;
Менің блогты ашудағы негізгі мақсатым:
• Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды кеңінен насихаттау;
• Интернет желісі арқылы таралатын қазақша ақпаратты көбейтуге үлес қосу;
• Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
• Әріптестер арасында тығыз қарым-қатынас орнату;
• Қазақ физиктерінің біртұтас ақпараттық ортасын құру;
• Қазақ физиктерінің Виртуальді әдістеме бірлестігін құру.
• Электронды портфолио жүйесін дамыту.





