Израильдік ғалымдар 1 секунтте 1 миллиардқа дейін операциялар жасай алатын жаңа ДНК- компьютер жасап шығарды.
Мұндай СУПЕРкомпьютерлерде ақпараттар ДНК тізбесінің көмегімен сақталады және өңделеді. Оның дәлелдігі 99,8 пайзға тең. Ал компьютерді жай көзбен көру мүмкін емес. Оны микроскоп арқылы ғана байқауға болады. Дегенмен, микроқұрылғының ақпарат сиымдылығы бір қарағанда ақылға қонымсыз секілді көрінеді. Яғни, ДНК- сақтаушының 1 текше сантиметрінде 1 триллион компакт-диск сыйатындай ақпараттар орналасады.