Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Болашақтың ақпарат жинақтаушылары

ssd-diskЕгер болашақта ақпарат жинақтаушылар қалай болады дегенге көз жүгіртетін болсақ, қалтаңыздағы USB флеш жинақтаушысы болашақ ақпарат жинақтаушының негізі болатын сияқты. Ақпарат жинақтаушылардың қозғалатын бөлігі болмайды.
Қазірдің өзінде қатты бөліктерден тұратын ақпарат сақтаушылар (Solid State Discs) SSD-лер шығарыла бастады. Әрине SSD жинақтаушыларының конструкциясы қарапайым флеш жинақтаушыдан әлдеқайда күрделі.
SSD жинақтаушыларының қозғалатын бөліктері жоқ болғандықтан жылдамдығы тез, дыбыссыз, энергияға үнемді және кез-келген механикалық соққыға төзімді болмақ. Егер кәдімгі НDD жинақтаушыны үстелден құлатып алсаңыз да істемей қалуы мүмкін еді SSD жинақтаушыларына бұл сөз емес.
SSD жинақтаушыларының қызмет уақыты да анағұрлым жоғары және де тағы бір артықшылығы көлемі өте аз.
Әзірге SSD жинақтаушыларының бағасы өте қымбат. Салыстыратын болсақ қарапайым қатты дискілердің 1Гб көлеміне 50 теңгеден десек, SSD жинақтаушыларының 1Гб көлеміне 750 теңгеден болмақ.
Бүгінде Samsung компаниясы осындай SSD жинақтаушылары орнатылған ноутбуктар шығара бастады. Өндірушінің ақпаратына бойынша SSD жинақтаушыларының жазу және оқу жылдамдығы сәйкесінше 57Мбайт/с және 27 Мбайт/с өте жоғары. Жылдамдықтың жоғары болуына сәйкес өнімділік 50 есеге дейін артады деген сөз.
Ең негізгі қуантарлығы ОЖ (операциялық жүйе) бірнеше секундта жүктелетін болады!

Single Post Navigation

3 thoughts on “Болашақтың ақпарат жинақтаушылары

  1. Rahmet! Endi tusinikti boldy🙂

  2. zhangozy on said:

    сәлем,
    айтқандай суретін ұмытып кетіппін, іліп қойдым.
    флеш деп айтуға болмас бірақ қазіргі кезде жаңа дискілердің көлемі көп дегенде 32 және 64Гбайт көрінеді.

  3. Salem!
    Aqparattung qyzyk eken. Eger suretterin ilip qoisan, kozben korip ayrmasin tez tusiner edim. SSD dep otyrganing qarapaim fleshting jetildirilgen nusqasy ma, sonda?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: