Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Жас ұстазға 10 кеңес

1.Ұстаздық еңбек жолындағы алғашқы қадамың шәкiрттiң оқуға деген ынтасына мән беруден басталады. Шәкiрттi атқаратын iске шын қызықтыра бiлсе олар мұғалiмнен көз жазбауға кiрiседi.


2. Есiңде болсын өзiң жалындай бiлсең, басқаның көңiлiн, ынта ықыласын оятасың.
3. Iлiм жолындағы ұстанар тағылым алған бiлiмiңдi таным түсiнiгiнде жүзеге асыру, оны тiршiлiкте үйлесiмдi қолдану ұстаз үшiн өмiрлiк шарт деп қарағаның жөн.
4. Ой азабын кешпей бiлiм бойға дарымайды. Былайша айтқанда қойылған проблеманың шешiмiн шәкiрт өзi тапсын, ойлансын, толғансын. Iзденiс маңдайға тисе ғана бiлiм санаға сiңедi, ұғым түсiнiкке ұйтқы болады. Оқығанды көңiлге тоқудың арнасы ашылады. Мұны ой еңбегiнiң күрделi күрмеуiнің шешудiң кiлтi деп бiл.
5. Оқушыға қойылатын талап оның дамуындағы ақиқат шындықпен iштей бiрлiк тауып, үйлесiмдi болса ғана сiз жүргiзген тәлiм-тәрбие нәтижелi болады.
6. Адам жастық шағында елiктегiш келедi. Әсiресе туған өлкесiн сүюге, ана тiлiн құрметтеуге, елiнiң тарихы мен ғұрпын игеруге деген әсерлi сезiмiн қолдап, iзеттiлiгiн сөз жөнiнде ғана емес iс жүзiнде терең тануы жөнiнде өнеге көрсетуi мiндеттi екенiңiздi бiр сәт естен шығармағаның жөн. Өнеге өрге бастырады.
7. Сенiң таңдаған жолың ұстаздық, демек, тәрбиешi тәлiмгерсiң, ар-ождан алдындағы басты парызың, мамандықтың басты парызы болғандықтан, оның бұралаң-бұлтарысы сенiң төзiмдiлiгiңдi ұстамдылығыңды шыдамдылығыңды талап етедi.
8. Мамандық талабына үйлесiмдi үлгi болуда жеке басында кездесетiн кемшiлiк, қателiктердi дер кезiнде мойындап, ешкiмге жария етпестен уақытымен түзетуге бар пейiлiңмен кiрiс. Нағыз зиялы адам өзiн-өзi бақылай бiлуге мiндеттi.
9. Оқушыны қабiлеттi, бойында күш-қуаты жеткiлiктi екендiгiне сендiре бiл. Өйткенi сенiм жеңiске жеткiзе бiлетiн үлкен күш.
10. Ұжымда азды-көптi абыройға ие болсаң болдым, толдым демей, үздiксiз оқып, iзденiп, өзiңдi тәрбиелеуден қол үзбегiн!.
Оқуды тастаған күнi-сол сәттен бастап, бәрiнен сырттадым дей бер.

Single Post Navigation

3 thoughts on “Жас ұстазға 10 кеңес

  1. zhangozy on said:

    Сәлем
    солай деуге де болады ғой,
    бала психологиясын білмесең жұмыс жасай алмайсың.

  2. tomiris on said:

    Психолог бола билсе устаздык кызметти кысылмай еркин бар исин тынгылыкты истей алады. Кенеске тагы бир косымша дегеним гой. Арбир устаз адам психикасын игермесе адамдармен карым катынас жасау мумкиндиги шектеледи. Он жерден билимди болып психолог бола алмаса ол да киын.

  3. Salem!

    Jas ustazga emes, jalpy ustaz adam esine saktap juretin jaittar

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: