Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Халық педагогикасы

monumentБүгінгі таңда мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.
Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу- тәрбие ісімен сабақтастыру басты парызымыз. Осы тұрғысынан сабақта халықтық педагогиканың үлгілерін үнемі пайдаланып келеміз.

Қазіргі уақытта бүкіл оқу – тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға негізделіп, қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті.
Халық педагогикасы – қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.
Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат.
Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі – халықтық педагогика. Халықтық тәлім- тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы, берері орасан зор.
Әсіресе, сабақты түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің ізденісіне байланысты болмақ.
Негізгі мақсат – білімнің ұлттық жаңа үлгісін жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру.
Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата – бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін өз сабағымызда мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді сабақ сайын жүргізіп келеміз. Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді.
Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.

Single Post Navigation

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: