Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Криминал телефон

телефонБұрын қолдануда болған ұялы байланыс телефондарын сатып алған кезде оларды IMEI-кодтарын ұрланған криминалды телефондар базасынан тексеруіңізге ұсыныс жасаймыз. Аталған база ұрлық жөнінде ішкі істер органдарына жазбаша арызданудан кейін ғана қалыптасады.
Сіздің ұялы телефоныңыз ұрланған уақытта келесі шұғыл әрекеттерді тезара қолдану қажет: Орын тапқан ұрлық жөніндегі факты бойынша қылмыс жасалған жердегі ішкі істер органына арыз беру. Арызға телефон құжаттарынның (ұялы телефонның IMEI-коды көрсетілген кепілдік талоны, телефонның сериялы нөмірі көрсетілген паспорты) көшірмесін қосу. Құжаттарды дайындау кезінде кепілдік талонын телефон салынған қорабтың сыртында көрсетілген сандарды ұялы телефонның IMEI-кодымен сәйкестендіру. Егер бір ай ішінде Сіздің телефоныңыз табылмаса, оның іздеуде екенін білу үшін ішкі істер органына берген арыз негізінде ұрланған телефоныңыздың IMEI-коды жөнінде мағлұматты www.mvd.kz сайтында бар-жоғын тексеріп көріңіз.
Ұялы телефонның IMEI-коды – 15 (он бес) цифрден тұратын сериялы нөмір телефонда, кепілдік талонда және телефон қорабында көрсетіледі.
Телефонды сатып алу кезінде кепілдік талонынының дұрыс толтырылуын және қорабтағы сандармен сәйкес екендігін тексеру үшін телефонды қосып, келесі белгілер мен сандарды теру қажет: *#06# нәтижесінде диспледе IMEI-коды шығады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитеті құжатсыз (ұрланғаны айқын) телефондарды сатып алудан, қылмыскерлерге қылмыс жолмен тапқан заттарды сатуға себеп болмаудан сақтандырады. Ол заттар соңынан Сізден тәркіленеіп, оларды сатып алған факті бойынша түсініктеме беруіңізге тура келеді.

дерек көзі:  www.e.gov.kz

Суретте  LG Electronics компаниясының жаңа телефоны LG KF600 моделі көрсетілген. Құрылғының функциональдық қызметі кең, пайдалану өте жеңіл және интерактивті виртуаль пернетақта  InteractPad-пен жабдықталған.

Single Post Navigation

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: