Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Броузерлер соғысы немесе Opera-ның жеңісі

operaКез-келген интернет пайдаланушысы болсын, веб парақтарын жасаушы болсын броузерлердің маңызды екені айтпасада түсінікті. Бірақ қандай броузер қолдану керек немесе жақсы көрсетеді дегенге келетін болсақ төмендегі мәліметке назар аударғаныңыз артық болмас.  Кез-келген интернет пайдаланушысы интернет парақтарын броузерлер арқылы қарайтыны сөзсіз. Сондықтан броузерлер соғысы болуы заңды құбылыс. Дегенмен 1 миллиард пайдаланушының үштен екісі әлі де болса Internet Explorer броузерін пайдалануда. Осыдан 2-3 жыл бұрын пайдаланушылардың 90 пайызы Microsoft-ның броузерін пайдаланған болатын. Бәрінен бұрын Internet Explorer ашық коды бар Firefox броузеріне жол беретін. Кейінірек норвегиялық компания Opera броузерін тегін тарата бастаған соң Apple өзінің Safari броузерін Windows-қа бейімдеп шығарды. Бұлардан басқа да броузерлер бар, мысалы; бұрынғы K-Meleon немесе қазіргі Nescape, Avant пен Maxthon өздерінің негізі ретінде сол Internet Explorer-ді пайдаланады.
Соңғы айда Internet Explorer-дің жағдайы қиындай бастағандай бәсекелестері өздерінің жаңа өнімдерін жақсартып шығаруда.
Тестке 4 броузердің ең соңғы версиялары қатысқан. Firefox 3.0, Opera 9.5 бета, Safari 3.0 ол да бета және Internet Explorer броузерінің кең тараған 7.0.6.
Тест нәтижесінде Opera броузері жеңімпаз атанған. Бұл броузер пайдаланушыны күмәнді сайттардан сақтандырып отырады, баннерлер мен қалқымалы жарнамаларға блокировка жасайды, тіпті жекелеген сайттар үшін баптауларды жеке сақтай алады. Сонымен қатар Secunia қауіпсіздік қызметінің экспертері Opera броузерінен ешбір ақау таба алмаған.
Салыстырып айта кететін болсақ броузерлердің ақаулары:
Opera 9.х -0
Safari 2.х -3
Firefox 2.х -4
Internet Explorer 7.х -21
Барлық қорытындылар бойынша Opera броузері бәрінен алға шыққан. Ал, тіпті, Internet Explorer броузері W3C броузерлер стандартының Acid2 тестінен өтпей қалған.
Тестке қатысқан броузерлерді арасындағы ең тезі- Safari 3.0, көлемі ең азы- Opera бар болғаны 5Мбайт. (Internet Explorer-14.1Мб). жадыны пайдалану жағынан Opera өте үнемді жұмыс жасайды. Мысалы, сайт ашпай тұрғанда Opera -17Мб, Internet Explorer-16Мбайт жадтан орын алатын болса, 5 сайт ашылып тұрғанда Opera -20,7Мб, Internet Explorer-40,5Мбайт жадтан орын алады, демек Opera Internet Explorer-ге қарағанде тезірек жұмыс жасайды деген сөз.
Қорытынды тестің нәтижесі төмендегідей:
Opera 9.5 – 94 ұпай
Firefox 3.0 – 78 ұпай
Safari 3.0 – 63 ұпай
Internet Explorer 7.х – 55 ұпай

Сонымен, қорыта айтсақ, Opera базалық комплектация болған күннің өзінде бәрін жасай алады және оны виджeтopera түрінде кеңейтуге болады.(www.widgets.opera.com) Opera-ның ең соңғы версиясын www.opera.com сайтынан көшіріп алуыңызға болады.

дерек көзі: Secunia

Single Post Navigation

2 thoughts on “Броузерлер соғысы немесе Opera-ның жеңісі

  1. zhangozy on said:

    Cәлем, Бақытнұр
    иә расында
    Internet Explorer броузерлер стандартынан өтпей қалған болсада көп веб дизайнерлер сайттарын Internet Explorer-ға ғана арнап жасайды. Содан Opera-да кейбір сайттар ашылмай жататыны содан болса керек

  2. Opera tezdigi jagynan jaksy, birak kate bar..

    Ekinshi bir jamany kop saittar saittaryn INternet Explorerga saikestirip istep salady

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: