Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:
1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.
2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.
3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.
4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.
5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.
6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.
7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.
8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.
9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.
10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).
11. Өзіңнен сұра:
– Сен сабаққа дайынсың ба?
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.

Single Post Navigation

4 thoughts on “Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

  1. Жандос on said:

    Ия мұғалімдік жұмыстың қиындығы жетерлік бірақ соған сынып қалмай өзіңді шыңдай отырып білгеніңді оқушыларға бере алсаң басты мақсат осы. Айлық әрине стимул емес пе, жоғары болған сайын жұмысқа деген құлшыныс артады, басқа саладағы мамандармен тең болудың критерийі деп ойлаймын.

  2. Жулдыз on said:

    Мугалім болганыма енбекакы алганда өкінгенмен, кішкентай оқушылардың сүйкімді жүздері мен бақытты көздерін көргенде өкінбеймін. Себебі мен оларды ақшадан гөрі артығырақ, жақсы көремін. Бірақ сонда да ақшасыз мына заманда болмайды екен!

  3. kazakjigiti on said:

    Мұғалималық жұмыс 24 сағаттық жұмыс қой! және ең сауабы мол мамандық! бірақ айлығы ең аздарының бірі!

    • zhangozy on said:

      солайы солай
      бірақ мемлекет айлықты қанша жоғарлатамыз дегенімен мардымсыз болып тұр ғой

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: