Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

2009 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу

Бұл күндері республикамыздың мектеп бітірушілері ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындалып жатыр. ҰБТ-ы — республиканың мектеп бітірушілері үшін орта білім туралы аттестат алу мен жоғары оқу орындарына және колледждерге түсуді біріктіретін рәсім. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты мен жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер міндетті түрде ҰБТ-ы тапсыру керек. ҰБТ-ға қатысқысы келмеген мектеп бітірушілер мектепте дәстүрлі қорытынды емтихандар тапсырады. Бұл жағдайда, мектеп бітіруші ағымдағы жылы Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарына түсу құқығынан айырылады.

ҰБТ-ы 5 пән: ана тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, мемлекеттік тілде оқытпайтын мектептер үшін — қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін — орыс тілі және жоғары оқу орнына түсу кезінде таңдаған болашақ мамандығына байланысты таңдау пәні бойынша өткізіледі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес орта білім туралы аттестат алу үшін мемлекеттік тіл мен орыс тілі ҰБТ-ы бағдарламасына енгізілген міндетті пәндер болып табылады. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны — 25. Тестілеу уақыты 30 минутқа ұзартылды. 2009 жылы ҰБТ-ны өткізуге 3,5 астрономиялық сағат, яғни 210 минут бөлінеді.
ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Балдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілеген шкалаға сәйкес мемлекеттік комиссия жүргізеді. ҰБТ-ны тапсырған бітірушілерге: ҰБТ-ның 3 міндетті (оқыту тілі, Қазақстан тілі, математика) және 1 таңдау пәндері бойынша пәндердің нәтижесі туралы сертификат; жалпы орта білім туралы аттестат беріледі. Мемлекеттік білім беру грантына арналған конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға түсу үшін сертификат балының сомасы 45 балдан (шекті деңгей) төмен болмауы керек. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
ҰБТ-ы рәсімін сапалы өткізу мақсатында 2009 жылы бір лектегі тестіленушілердің саны азайды. Мектеп бітірушілеріне ҰБТ-ға дайындалу үшін тағы да бір мүмкүншілік жасалды. Осыған байланысты, лектердің саны көбейді және ҰБТ-ы 4-10 маусым аралығында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізуге дайындық кезеңі 2009 жылдың басынан басталды. «2009 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығының негізінде ағымдағы жылғы 29 қаңтар мен 21 ақпан аралығында Астана және Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарында ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер мен мемлекеттік комиссия мүшелерімен ҰБТ-ны өткізу жөнінде семинарлар өткізілді.
Талқылауға түскен сұрақтар ҰБТ-ы рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі, тест сұрақтарының мазмұны және қорытындыларды өңдеудің техникалық ілеспесі жайында болды. Семинардың жұмысына ата-аналар жұртшылығының, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, балалардың құқығын қорғау комитетінің өкілдері мен ҰБТ-ны өткізу пункттерінің директорлары, мектеп директорлары, мектеп бітіруші сыныптардың сынып жетекшілері қатысты.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидинова республикалық және коммерциялық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арнап брифинг, ал 4 ақпанда — облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары мен мамандары қатысқан республиканың мектеп бітірушілеріне интерактивтік сабақ өткізді. ҰБТ-ға қатысу үшін мектеп бітірушілер өзінің сынып жетекшісінің басшылығымен мектепте 10 наурыздан 25 сәуірге дейін өтініштердің бланктерін толтырды.
Тестілеу 4 маусым күні таңертеңгі сағат 9.00-де басталады. Мектеп бітірушінің жеке басын куәландыру рәсімінің ұзақ уақыт алуына байланысты, мектеп бітірушілер тестілеу күні ҰБТ-ны өткізу пункттеріне ертерек келу керек. ҰБТ-ны өткізу кезінде ҰБТ-ны өткізу пункттерінің аумағында ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ медицина қызметкерлері тестілеу пунктінде кезекшіліктері ұйымдастырылады. Егер мектеп бітірушілер ҰБТӨП-тен барынша алыс қашықтықта тұрса, білім беру ұйымдарының басшылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тамақтандыруды, қолайлы орналасуды және жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің алып жүруімен мектеп бітірушілерді тасымалдауды ұйымдастырады. Жалпы алғанда, мектеп бітіруші тестілеуден тыныш әрі ұйымдасқан түрде өту үшін барлық жағдай жасалатын болады.
Мектеп бітіруші ҰБТ-ға өзімен бірге жеке басын куәландыру куәлігін, рұқсаттамасын, қара немесе қара көк пастасы бар қаламсап және қарындаш, ал «Химия» пәнін таңдаған жағдайда Менделеев және тұздардың ерітіндісі кестесін алып келуге болады. Мектеп бітіруші тестілеу кезінде өзін тәртіпті ұстауы және ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты сақтауы қажет. Мектеп бітірушіге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, ұтқыр байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді. Мектеп бітіруші тестілеу кезінде өзін-өзі ұстау ережесін бұзған жағдайда Министрлік өкілі Мемлекеттік комиссияның төрағасымен бірлесе отырып, Нұсқаулыққа сәйкес үстінен түсу және алып қою актісін жасайды.
Мемлекеттік комиссияның шешімімен бітіруші аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тест тапсырмаларының базасы мен дұрыс жауаптар кодының толық құпиялылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады. Тест тапсырмалары қатаң түрде мектеп бағдарламасының көлемінде жасалады. Тест тапсырмаларының базасына түзетулер енгізілді, мазмұны бойынша 2008 жылы апелляциялық комиссиялардың шешімімен мектеп бітірушілердің пайдасына шешілген 0,6% тапсырмалар базадан алынып тасталды.
Тест тапсырмаларының базасы жабылды және қаңтардан бастап қатаң құпиялылық режимге енгізілді. ҰБТ-ны өткізудің белгіленген тәртібімен оның технологиясының сақталуын, тестілеу жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру үшін ҰБТ-ны өткізу пункттеріне Министрлік Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп өткізген өңірлік оқыту семинарларынан өткен Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері, техникалық көмек көрсету үшін апелляциялық комиссиялардың төрағалары мен программистері (жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім басқармаларының, біліктілікті арттыру институттарының, ҚР БҒМ жанындағы ұлттық орталықтардың қызметкерлері арасынан) жіберіледі.
ҰБТ-ы мәселелері бойынша жұртшылық арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір пунктте мемлекеттік комиссия құрылды. 2009 жылы апелляциялық комиссия тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштерді тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін біруақытта қабылдайды және тәулік бойы қарастырады. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, бітірушіге балдар қосу туралы республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оған апелляцияның қорытындылары туралы оны хабардар етеді. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша балл қосу жөніндегі шешімді Республикалық апелляциялық комиссия қабылдайды.
2009 жылы өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайда олар кешенді тестілеуді тапсырмайды. Осы мектептердің бітірушілері аттестаттаудан пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өтеді. Республиканың жоғары оқу орындары мен колледждеріне түсу үшін кешенді тестілеуден өтеді. Тестілеуді өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бұрынғыдай штаб жұмыс істейтін болады.

дерек көзі: http://www.edu.gov.kz

Single Post Navigation

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: