Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Физикадан әдістемелік құрал-мұғалімге көмек

Техника саласының білікті мамандарын дайындауға бүгінгі күні мектеп қабырғасында оқушылардың жаратылыстану пәндерін меңгеру сапасы ықпал ететінін айта кеткен жөн. Жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде физика пәнін жан-жақты түсіне отырып, меңгеру оқушыларға көптеген ғылыми-техникалық жетістіктерді өз беттерінше игеріп, келешекте зерттеулер жасай білуге жол ашады. Демек, физиканы мектеп қабырғасында жете меңгеру бүгінде аса өзекті мәселеге айналып отыр. Осы өзекті мәселені ескере отырып, мұғалімдік іс-тәжірибе негізінде жинақталған тың ой пікірлерді физика мұғалімдері ортасына ұсынып, аз да болса, оларға көмек көрсету мақсатында осы әдістемелік құрал дайындалды.

Физиканы оқыту кезінде мемлекеттік стандартты жүзеге асыру әрбір пән мұғаліміне міндеттеледі. Ендеше, осы мақсатты жүзеге асыру жолында оқушыларға оқып, үйрену жолдарын насихаттауға ықпал етеді деген оймен физика формулаларымен жұмыстау, физика олимпиадасына дарынды оқушыларды дайындау, физика есептерін шешу жолдарын үйретуде, физика есептерін шығаруда ескеретін жайлар, оқушылардың физиканы оқып, үйрену жолында жиі жіберетін қателер, олардың алдын-алу мүмкіндіктері, сондай-ақ, оқытудың жаңа технологиясы бойынша орта мектеп бітірушілерден алынатын Ұлттық бірыңғай тестіге оқушыларды дайындауға көмегі тиеді деген оймен қысқа мерзімде физика диктантын өткізу әдістемесі мен диктанттардың кейбір мәтіндері ұсынылды.

Оқушылардың алған білімін бағалауда сынақ жүйесінің де үлесі зор.     Сондықтан да орта мектепте сынақ жүйесін қалай өткізуге болады, оның мазмұны қандай болу керек екендігін көрсету мақсатында 9-сынып оқушыларына «Механика» бөлімінен сынақ алу әдістемесі ұсынылды.

Әдістемелік құралды мына жерден көшіріп алуға болады. Электронды нұсқасын жасаған zhangozy.

Ескерту: Автордың барлық құқықтары қорғалған. Құралды рұхсатсыз көшіріп басуға, бөлшектеуге, таратуға тиым салынады!

Single Post Navigation

2 thoughts on “Физикадан әдістемелік құрал-мұғалімге көмек

  1. Мен сіздің әдістемелік құралдарыңызды 9 сынып оқитын жиеніме көшіріп басып бердім. Рахмет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: