Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Онлайн тестілеу акциясы!

Өз біліміңді тексер де, өз жоғары оқу орныңды таңда!

Ұлттык тестілеу орталығы және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті 11 мамырдан бастап 15 мамырға дейін ҰБТ пәндері бойынша тегін өткізілетін республикалық on-line-тестілеу АКЦИЯСЫН жүргізеді.

Қашықтықтан тестілеу акциясы Қазақстанда екінші рет өткізіліп отыр, және де оның мектеп түлектері үшін, әсіресе ауылды жердегі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлеміне мәнді қадам жасауда зор әлеуметтік маңызы бар. Акцияның жұртшылық арасында қызығушылық тудыруы, оны жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыруға негіз болып отыр.

Құрметті мектеп түлектері! Сіздерге өз білімдеріңді тексеріп, ЖОО-на түсу кезінде өз деңгейлеріңді бүкіл Республика көлемінде салыстырудың бірегей мүмкіндігі ұсынылады.

Акцияға қатысу үшін сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің www.do.ektu.kz сайтына кіріп, on-line-тестілеу туралы хабарландыруды тауып алыңыздар, сонан соң оған қатыса аласыздар!

Сонымен, on-line-тестілеуге қосылады:

11 мамырда

  • Шығыс Қазақстан
  • Павлодар облыстары

12 мамырда

  • Алматы қаласы,
  • Ақтөбе,
  • Атырау,
  • Батыс Қазақстан облыстары.

13 мамырда

  • Астана қаласы,
  • Алматы,
  • Жамбыл облыстары.

14 мамырда

  • Қарағанды,
  • Оңтүстік Қазақстан
  • Қызылорда облыстары.

15 мамырда

  • Ақмола,
  • Қостанай,
  • Солтүстік Қазақстан,
  • Маңғыстау облыстары.

On-line-тестілеу акциясына қатысып, өзіңді тексер де, таңдау жаса!

тест тапсыру үшін мына сайтқа келіңіз!

дерек көзі:  http://www.ektu.kz

Single Post Navigation

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: