Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Archive for the tag “блог”

10-сыныпқа презентациялар

10 сынып презентацияҚұрметті әріптестер, оқушылар 10-сыныпқа  презентациялар парағын жасадым. Мақсат 10-сыныпты оқытуға арналған қосымша материалдар қорын жаңалау, толықтыру.   Оқушылардың физиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін сабаққа қосымша көмек құрал ретінде пайдалануға болады.  Уақытымен 10-сыныпқа барлық тақырыптарға материалдар жарияланатын болады. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарда презентацияларды көшіріп алып кез-келген уақытта оқып, сабаққа дайындалуына болады.  Материалдарды толықтырып қосатындарыңыз, ескерту, ұсыныстар мен пікірлеріңізде қабылдауға әзірмін.

Advertisements

Интерактивті сабақтар

Мемлекетімізде білімге, әсіресе білім сапасына көбірек көңіл бөлінуі қуантады. Білім сапасына әрине біздер ұстаздар тікелей жауапты болғандықтан ұстаздардан ерекше жауапкершілік талап етіледі. Ұстаздың  жаңа технологияны меңгеруі білім сапасына әсері мол болмақ. Сондықтан жаңатехнологияны меңгергісі келетін  ұстаздарға көмек болсын деп блогымда «Интерактив» деген жаңа бет ашып отырмын. Read more…

Ең үздік сандық білім беру ресурсы

Құрметті сайт қонақтары және ұстаздар!

Бұл сайт Қазақстандық білім беру порталында «Ең үздік сандық білім беру ресурсы атты» конкурсқа қатысуда. Сайтқа дауыс берулеріңізді сұраймын. Мына жерден дауыс беруге болады. Сіз сол арқылы сайттың дамуына үлес қоса аласыз. Рахмет.

Сабақ түрлері және оның құрылымы

Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
  Read more…

Ұстаз – ұлы тұлға

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Мәриям Хакімжанова

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Read more…

Ұстаз туралы ұлылардың айтқаны

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби Read more…

Post Navigation