Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Archive for the tag “оқу-тәрбие”

Жаңа оқу жылымен!

Құрметті әріптестер! жаңа оқу жылдарыңыp құтты болсын, шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін!

Биылғы оқу жылында жұмыста өте көп. Блогым уақытша жаңармай жатса ренжіп, сөкпеңіздер.  Шама келгенше блогымды жаңалап тұруға тырысамын. Сіздердің жұмыстарыңызды, пікір ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймын.

Advertisements

Физикадан емтихан билеттері

Физика мұғалімінің жұмысының нәтижесі күнделікті материалдарды нақты түсіндіріп, оны бекітіп, оқушылардың алған білімін жүйелі түрде тексеріп, оған қорытынды жасағанда ғана жүзеге асады.

Оқушылардың білімін тексерудің бірнеше жолдары бар екені белгілі.  Мысалы, оқушыларды орнынан тұрғызбай жауап алу, тақта алдына шығарып, оқыған мазмұнды тыңдау, сапалық және сандық есептерді шығарту, бақылау жұмысы,  диктант алу, тест жұмыстары тағы басқа түрлері кездеседі. Read more…

7-сыныпқа презентациялар

Құрметті әріптестер, оқушылар бүгін 7-сыныпқа презентациялар парағын жасадым. Мақсат 7-сыныпты оқытуға арналған қосымша материалдар қорын жаңалау, толықтыру.   Оқушылардың физиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін сабаққа қосымша көмек құрал ретінде пайдалануға болады.  Уақытымен 7-сыныпқа барлық тақырыптарға материалдар жарияланатын болады. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарда презентацияларды көшіріп алып кез-келген уақытта оқып, сабаққа дайындалуына болады.  Кейінірек басқа сыныптарға материалдар жариялану жоспары бар. Материалдарды толықтырып қосатындарыңыз, ескерту, ұсыныстар мен пікірлеріңізде қабылдауға әзірмін.

10-сыныпқа презентациялар

10 сынып презентацияҚұрметті әріптестер, оқушылар 10-сыныпқа  презентациялар парағын жасадым. Мақсат 10-сыныпты оқытуға арналған қосымша материалдар қорын жаңалау, толықтыру.   Оқушылардың физиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін сабаққа қосымша көмек құрал ретінде пайдалануға болады.  Уақытымен 10-сыныпқа барлық тақырыптарға материалдар жарияланатын болады. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарда презентацияларды көшіріп алып кез-келген уақытта оқып, сабаққа дайындалуына болады.  Материалдарды толықтырып қосатындарыңыз, ескерту, ұсыныстар мен пікірлеріңізде қабылдауға әзірмін.

Физика патшалығына саяхат

Құрметті физиктер, физика пәнін оқытуды бастаған кезде 7 сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру физика пәнін  ары қарай жалғастырып оқытудағы нәтижеге жетудің алғы шарты екені белгілі. Сондықтан сіздердің назарларыңызға кеше 17.09.10 күні  ата-аналарға, 7 сынып оқушыларына дайындап өткізген «Физика патшалығына саяхат» атты сыныптан тыс ойын-сабақтың үлгісін ұсынып отырмын. Ескерту.  Ойын сабақты тек 10 сынып оқушылары жүргізеді.

Үлгі:   презентация

Онлайн консультация

Құрметті әріптестер және оқушылар!

Интерактивті оқытудың Президенттік бастамасын қолдау аясында мектепте физика пәнін оқытуда желілік  технологияны қолдануды насихаттау мақсатында және оқушыларды ҰБТ дайындық жұмыстарын жетілдіру үшін онлайн консультация жүргізіледі.  Тақырыбы: «Физика пәнінен Ұлттық Бірыңғай тестіге дайындалушыларға ҰСЫНЫСТАР».

Онлайн желідегі консультацияға қатысам деушілерге есік ашық. Консультация әр сейсенбі сағат  16.00-де болады.  Консультация Жанғозының   интерактивті  бөлмесінде болады.

Онлайн консультацияға белсенді қатысуларыңызды сұраймын.

04.05 күні жүрілген консультацияның жазбасын мына жерден көруге болады.

11.05 күні жүрілген консультацияның жазбасын мына жерден көруге болады.

Интерактивті оқытудың Президенттік Бастамасын қолдау

Құрметті әріптестер, сіздерді Интерактивті оқытудың Президенттік Бастамасын қолдау аясындағы  М.Горький атындағы орта мектеп ұйымдастырып отырған «ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ 21- ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ» атты ІІ – ші мектепшілік Форумына онлайн желісінде белсенді қатысуға шақырамыз.
Форумда мен «Физика сабақтарын оқытуда ақпараттық технологияны қолдану» атты баяндама жасаймын.
Форум Онлайн Қазақстан сайтында RIPKSO-ның комнатасында өтеді.
Мерзімі 2010 жылдың 17-ші сәуірі, басталу уақыты сағ: 10.00-де.
Пысы: Форумның  жазылып алынған файлын көрем деушілер мына жерден көруге болады. Файл көлемі 370 Мбайт.

Ғарышқа саяхат

Бүгін Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні. Дәл осыдан тура 49 жыл бұрын Ю.А.Гагарин 108 минут ғарышқа самғап сол кездегі Кеңес Одағының мәртебесін АҚШ-тан асырып тастағаны баршамызға аян.  Сол кездегі кеңес халқының  қуанышы әлі күнге басылмай тұрған сияқты болып көрінеді. Баршамыз «Ғарышкерлер күнін» орыс ағамыздай тойламасақ та, бұл күннің тарих бетінен ойып тұрып орын алғанына таласа алмасымыз анық.  Read more…

Интерактивті сабақтар

Мемлекетімізде білімге, әсіресе білім сапасына көбірек көңіл бөлінуі қуантады. Білім сапасына әрине біздер ұстаздар тікелей жауапты болғандықтан ұстаздардан ерекше жауапкершілік талап етіледі. Ұстаздың  жаңа технологияны меңгеруі білім сапасына әсері мол болмақ. Сондықтан жаңатехнологияны меңгергісі келетін  ұстаздарға көмек болсын деп блогымда «Интерактив» деген жаңа бет ашып отырмын. Read more…

Физикадан әдістемелік құрал-мұғалімге көмек

Техника саласының білікті мамандарын дайындауға бүгінгі күні мектеп қабырғасында оқушылардың жаратылыстану пәндерін меңгеру сапасы ықпал ететінін айта кеткен жөн. Жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде физика пәнін жан-жақты түсіне отырып, меңгеру оқушыларға көптеген ғылыми-техникалық жетістіктерді өз беттерінше игеріп, келешекте зерттеулер жасай білуге жол ашады. Демек, физиканы мектеп қабырғасында жете меңгеру бүгінде аса өзекті мәселеге айналып отыр. Осы өзекті мәселені ескере отырып, мұғалімдік іс-тәжірибе негізінде жинақталған тың ой пікірлерді физика мұғалімдері ортасына ұсынып, аз да болса, оларға көмек көрсету мақсатында осы әдістемелік құрал дайындалды. Read more…

Post Navigation