Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Archive for the tag “физикадан тестер”

Интерактивті сабақтар

Мемлекетімізде білімге, әсіресе білім сапасына көбірек көңіл бөлінуі қуантады. Білім сапасына әрине біздер ұстаздар тікелей жауапты болғандықтан ұстаздардан ерекше жауапкершілік талап етіледі. Ұстаздың  жаңа технологияны меңгеруі білім сапасына әсері мол болмақ. Сондықтан жаңатехнологияны меңгергісі келетін  ұстаздарға көмек болсын деп блогымда «Интерактив» деген жаңа бет ашып отырмын. Read more…

Advertisements

Физикадан әдістемелік құрал-мұғалімге көмек

Техника саласының білікті мамандарын дайындауға бүгінгі күні мектеп қабырғасында оқушылардың жаратылыстану пәндерін меңгеру сапасы ықпал ететінін айта кеткен жөн. Жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде физика пәнін жан-жақты түсіне отырып, меңгеру оқушыларға көптеген ғылыми-техникалық жетістіктерді өз беттерінше игеріп, келешекте зерттеулер жасай білуге жол ашады. Демек, физиканы мектеп қабырғасында жете меңгеру бүгінде аса өзекті мәселеге айналып отыр. Осы өзекті мәселені ескере отырып, мұғалімдік іс-тәжірибе негізінде жинақталған тың ой пікірлерді физика мұғалімдері ортасына ұсынып, аз да болса, оларға көмек көрсету мақсатында осы әдістемелік құрал дайындалды. Read more…

Физикадан сабақ үлгілері

Құрметті физиктер! Интернетте қазақ физиктерін қолдау мақсатында блогымда «Физикадан сабақ үлгілері«, «сыныптан тыс жұмыстар», «тестер» деген беттер аштым.  Жұмыстың мақсаты жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және әріптестермен байланыс орнату. Егер бөлімнің дамуына өз үлесімді қосамын десеңіз хабарласыңыз.

Интернетте Қазақ физиктері бірігіңдер!

Post Navigation