Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Archive for the tag “қазақ мектебі”

Жаңа оқу жылымен!

Құрметті әріптестер! жаңа оқу жылдарыңыp құтты болсын, шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін!

Биылғы оқу жылында жұмыста өте көп. Блогым уақытша жаңармай жатса ренжіп, сөкпеңіздер.  Шама келгенше блогымды жаңалап тұруға тырысамын. Сіздердің жұмыстарыңызды, пікір ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймын.

Advertisements

«Бәйге» қазақ ұлттық интернет жүлдесі

Қазақ ұлттық интернет жүлдесі

Құрметті ұстаздар және сайт қонақтары ! Блог «Бәйге» қазақ ұлттық интернет жүлдесі сайысына қатысуда, жүлдеден дәметпеймін, дегенмен сайтқа дауыс беріп қолдау көрсетсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді. Интернет дауыстарыңыз емейл арқылы расталады. Мына жерден дауыс беруге болады, немесе суретке шертіңіз. Қолдап дауыс бергендерге алдын-ала алғысымды білдіремін.

Соңғы қоңырау мерекесі

Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан –  ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр-деп ақын жырлағандай соңғы қоңырау мерекесі әрбір мектеп бітіруші түлекке есте қаларлықтай күн екені рас. Мектеп оқушылар бұл күнді асыға күтеді, бірақ кейін өскеннен кейін ол балалық,  мектеп қабырғасындағы күндердің  көзден бұлбұл ұшқаны есіне түскенде көздеріне еріксіз жас алары хақ.

Ұстаздарға, мектеп оқушыларына көмек болсын деген оймен бірнеше «Соңғы қоңырау» мерекесінің үлгілерін жинақтап беріп отырмын.

Соңғы қоңырау 1;

Соңғы қоңырау 2;

Соңғы қоңырау 3

Интерактивті оқытудың Президенттік Бастамасын қолдау

Құрметті әріптестер, сіздерді Интерактивті оқытудың Президенттік Бастамасын қолдау аясындағы  М.Горький атындағы орта мектеп ұйымдастырып отырған «ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ 21- ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ» атты ІІ – ші мектепшілік Форумына онлайн желісінде белсенді қатысуға шақырамыз.
Форумда мен «Физика сабақтарын оқытуда ақпараттық технологияны қолдану» атты баяндама жасаймын.
Форум Онлайн Қазақстан сайтында RIPKSO-ның комнатасында өтеді.
Мерзімі 2010 жылдың 17-ші сәуірі, басталу уақыты сағ: 10.00-де.
Пысы: Форумның  жазылып алынған файлын көрем деушілер мына жерден көруге болады. Файл көлемі 370 Мбайт.

Ғарышқа саяхат

Бүгін Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні. Дәл осыдан тура 49 жыл бұрын Ю.А.Гагарин 108 минут ғарышқа самғап сол кездегі Кеңес Одағының мәртебесін АҚШ-тан асырып тастағаны баршамызға аян.  Сол кездегі кеңес халқының  қуанышы әлі күнге басылмай тұрған сияқты болып көрінеді. Баршамыз «Ғарышкерлер күнін» орыс ағамыздай тойламасақ та, бұл күннің тарих бетінен ойып тұрып орын алғанына таласа алмасымыз анық.  Read more…

Ең үздік сандық білім беру ресурсы

Құрметті сайт қонақтары және ұстаздар!

Бұл сайт Қазақстандық білім беру порталында «Ең үздік сандық білім беру ресурсы атты» конкурсқа қатысуда. Сайтқа дауыс берулеріңізді сұраймын. Мына жерден дауыс беруге болады. Сіз сол арқылы сайттың дамуына үлес қоса аласыз. Рахмет.

Мұғалімнің өз білімін көтеруі

Әр мұғалімнің өз білімін көтеруі өз кезегінде кезек күттірмейтін маңызды қадамдардың бірі.  Өйткені ұстаз басқаларды үйретумен қатар өзі де үнемі үйрену үстінде болары сөзсіз.  Read more…

Физикадан сабақ үлгілері

Құрметті физиктер! Интернетте қазақ физиктерін қолдау мақсатында блогымда «Физикадан сабақ үлгілері«, «сыныптан тыс жұмыстар», «тестер» деген беттер аштым.  Жұмыстың мақсаты жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және әріптестермен байланыс орнату. Егер бөлімнің дамуына өз үлесімді қосамын десеңіз хабарласыңыз.

Интернетте Қазақ физиктері бірігіңдер!

Физика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері

1. Сақ болыңдар, абайлаңдар, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.
2. Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.
3. Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.

Read more…

Білім күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар! Сіздердің баршаларыңызды «Білім күні» мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, жұмыстарыңызға табыс, зор денсаулық тілеймін! Шәкірттеріңіз қуантып жүре берсін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Post Navigation