Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Archive for the tag “қазақ”

Физикадан емтихан билеттері

Физика мұғалімінің жұмысының нәтижесі күнделікті материалдарды нақты түсіндіріп, оны бекітіп, оқушылардың алған білімін жүйелі түрде тексеріп, оған қорытынды жасағанда ғана жүзеге асады.

Оқушылардың білімін тексерудің бірнеше жолдары бар екені белгілі.  Мысалы, оқушыларды орнынан тұрғызбай жауап алу, тақта алдына шығарып, оқыған мазмұнды тыңдау, сапалық және сандық есептерді шығарту, бақылау жұмысы,  диктант алу, тест жұмыстары тағы басқа түрлері кездеседі. Read more…

Advertisements

Мұғалімнің өз білімін көтеруі

Әр мұғалімнің өз білімін көтеруі өз кезегінде кезек күттірмейтін маңызды қадамдардың бірі.  Өйткені ұстаз басқаларды үйретумен қатар өзі де үнемі үйрену үстінде болары сөзсіз.  Read more…

Физикадан сабақ үлгілері

Құрметті физиктер! Интернетте қазақ физиктерін қолдау мақсатында блогымда «Физикадан сабақ үлгілері«, «сыныптан тыс жұмыстар», «тестер» деген беттер аштым.  Жұмыстың мақсаты жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және әріптестермен байланыс орнату. Егер бөлімнің дамуына өз үлесімді қосамын десеңіз хабарласыңыз.

Интернетте Қазақ физиктері бірігіңдер!

Физика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері

1. Сақ болыңдар, абайлаңдар, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.
2. Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.
3. Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.

Read more…

2009 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу

Бұл күндері республикамыздың мектеп бітірушілері ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындалып жатыр. ҰБТ-ы — республиканың мектеп бітірушілері үшін орта білім туралы аттестат алу мен жоғары оқу орындарына және колледждерге түсуді біріктіретін рәсім. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты мен жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер міндетті түрде ҰБТ-ы тапсыру керек. ҰБТ-ға қатысқысы келмеген мектеп бітірушілер мектепте дәстүрлі қорытынды емтихандар тапсырады. Бұл жағдайда, мектеп бітіруші ағымдағы жылы Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарына түсу құқығынан айырылады.
Read more…

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Read more…

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар

І. Сабақ мазмұнының халықтығы.

ІІ. Оқу материалының ғылымилығы. Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек. Read more…

Сабақ түрлері және оның құрылымы

Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
  Read more…

Ұстаз – ұлы тұлға

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Мәриям Хакімжанова

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Read more…

Қош бол, Netscape!

netscapeҚош бол, Netscape!
2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйгілі Netscape Navigator броузерінің жасалуы тоқтатылды. Read more…

Post Navigation