Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Archive for the tag “ҰБТ 2010”

Онлайн тестілеу акциясы!

Өз біліміңді тексер де, өз жоғары оқу орныңды таңда!

Ұлттык тестілеу орталығы және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті 11 мамырдан бастап 15 мамырға дейін ҰБТ пәндері бойынша тегін өткізілетін республикалық on-line-тестілеу АКЦИЯСЫН жүргізеді.

Қашықтықтан тестілеу акциясы Қазақстанда екінші рет өткізіліп отыр, және де оның мектеп түлектері үшін, әсіресе ауылды жердегі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлеміне мәнді қадам жасауда зор әлеуметтік маңызы бар. Акцияның жұртшылық арасында қызығушылық тудыруы, оны жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыруға негіз болып отыр. Read more…

Advertisements

Онлайн консультация

Құрметті әріптестер және оқушылар!

Интерактивті оқытудың Президенттік бастамасын қолдау аясында мектепте физика пәнін оқытуда желілік  технологияны қолдануды насихаттау мақсатында және оқушыларды ҰБТ дайындық жұмыстарын жетілдіру үшін онлайн консультация жүргізіледі.  Тақырыбы: «Физика пәнінен Ұлттық Бірыңғай тестіге дайындалушыларға ҰСЫНЫСТАР».

Онлайн желідегі консультацияға қатысам деушілерге есік ашық. Консультация әр сейсенбі сағат  16.00-де болады.  Консультация Жанғозының   интерактивті  бөлмесінде болады.

Онлайн консультацияға белсенді қатысуларыңызды сұраймын.

04.05 күні жүрілген консультацияның жазбасын мына жерден көруге болады.

11.05 күні жүрілген консультацияның жазбасын мына жерден көруге болады.

Интерактивті сабақтар

Мемлекетімізде білімге, әсіресе білім сапасына көбірек көңіл бөлінуі қуантады. Білім сапасына әрине біздер ұстаздар тікелей жауапты болғандықтан ұстаздардан ерекше жауапкершілік талап етіледі. Ұстаздың  жаңа технологияны меңгеруі білім сапасына әсері мол болмақ. Сондықтан жаңатехнологияны меңгергісі келетін  ұстаздарға көмек болсын деп блогымда «Интерактив» деген жаңа бет ашып отырмын. Read more…

Post Navigation