Қыркүйек 2, 2011
Құрметті әріптестер! жаңа оқу жылдарыңыp құтты болсын, шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін!
Биылғы оқу жылында жұмыста өте көп. Блогым уақытша жаңармай жатса ренжіп, сөкпеңіздер. Шама келгенше блогымды жаңалап тұруға тырысамын. Сіздердің жұмыстарыңызды, пікір ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймын.
Posted in Физика | Tagged білім беру, жаңа оқу жылы, оқу-тәрбие, қазақ мектебі, ұлттық мектеп, ұстаз | Пікір қалдыру »
Сәуір 19, 2011
Физика мұғалімінің жұмысының нәтижесі күнделікті материалдарды нақты түсіндіріп, оны бекітіп, оқушылардың алған білімін жүйелі түрде тексеріп, оған қорытынды жасағанда ғана жүзеге асады.
Оқушылардың білімін тексерудің бірнеше жолдары бар екені белгілі. Мысалы, оқушыларды орнынан тұрғызбай жауап алу, тақта алдына шығарып, оқыған мазмұнды тыңдау, сапалық және сандық есептерді шығарту, бақылау жұмысы, диктант алу, тест жұмыстары тағы басқа түрлері кездеседі. Read the rest of this entry »
Posted in Физика | Tagged ақпарат, бақылау жұмысы, билет, блогинг, білім беру, емтихан, мұғалім, оқу-тәрбие, оқушылар, сабақ беру, физикадан, қазақ, ҰБТ, ұстаз | 11 пікір »
Сәуір 5, 2011
Биылғы жылдың 12-сәуірінде Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына 50 жыл толатыны белгілі. Адамзаттың зымырап өткен 50 жылдағы ғарышты игерудегі жетіктіктері қаншама. Назарларыңызға “Ғарышты игеруге 50 жыл атты” презентация үлгісін ұсынып отырмын.
Презентацияны мына жерден көшіріп алуға болады.
Posted in Физика | Tagged 50 жыл, Байқоңыр, Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров, авиация, игеру, космонавтика, космос, юрий гагарин, ғарыш | Пікір қалдыру »
Ақпан 22, 2011
Физика пәнін оқытудағы электронды оқылықтардың пайдасы зор екені айтпаса да түсінікті. Осыған орай физикадан желіде жарияланған электронды оқулықтардың тізбесін ұсынып отырмын. Қосатындарыңыз болса тізімді көбейтсек оқушылар мен оқытушыларға пайдасы тиері сөзсіз ғой. Пайдаларыңызға жарасын!
Физика 10 сынып
Физика – механика курсы
Физика – молекулалық физика және термодинамика
Физика – Электродинамика курсы
Физика – Молекулалық физика
Физика-Классикалық механика, Тербелістер мен толқындар, молекулалық физика термодинамика.
Posted in Физика | Tagged Физика, механика, молекулалық физика, оқулық, термодинамика, физика курсы, электродинамика, электронды | 8 пікір »
Ақпан 8, 2011
Құрметті әріптестер, оқушылар бүгін 7-сыныпқа презентациялар парағын жасадым. Мақсат 7-сыныпты оқытуға арналған қосымша материалдар қорын жаңалау, толықтыру. Оқушылардың физиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін сабаққа қосымша көмек құрал ретінде пайдалануға болады. Уақытымен 7-сыныпқа барлық тақырыптарға материалдар жарияланатын болады. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарда презентацияларды көшіріп алып кез-келген уақытта оқып, сабаққа дайындалуына болады. Кейінірек басқа сыныптарға материалдар жариялану жоспары бар. Материалдарды толықтырып қосатындарыңыз, ескерту, ұсыныстар мен пікірлеріңізде қабылдауға әзірмін.
Posted in Физика | Tagged 7 сынып, Физика, оқу-тәрбие, презентация, сабақ үлгілері | 2 пікір »
Ақпан 8, 2011
Құрметті әріптестер, оқушылар 10-сыныпқа презентациялар парағын жасадым. Мақсат 10-сыныпты оқытуға арналған қосымша материалдар қорын жаңалау, толықтыру. Оқушылардың физиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін сабаққа қосымша көмек құрал ретінде пайдалануға болады. Уақытымен 10-сыныпқа барлық тақырыптарға материалдар жарияланатын болады. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарда презентацияларды көшіріп алып кез-келген уақытта оқып, сабаққа дайындалуына болады. Материалдарды толықтырып қосатындарыңыз, ескерту, ұсыныстар мен пікірлеріңізде қабылдауға әзірмін.
Posted in Физика | Tagged 10 сынып, блог, білім беру, оқу-тәрбие, оқушылар, презентация, сабақ беру, сабақ үлгілері, физикадан | 3 пікір »
Қараша 10, 2010
Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ҚР БҒМ мұғалімдерді 3 пән бойынша (ҚР заңдары, педагогика-психология және мамандық бойынша таңдаулы пән) компьютерлік бағдарлама арқылы тест сынағын жүргізетіні белгілі. Өткен 2008 жылы алғаш рет байқау сынағын өткізгені белгілі. Биылғы 2010-2011 оқу жылында аттестаттауға өтініш берген барлық ұстаздар 5-қарашадан бастап тест сынағын міндетті түрде тапсырмақ. Read the rest of this entry »
Posted in Білім беру | Tagged Физика, аттестация, аттестацияға тест, білім беру, педагогика, педагогикадан тест, психология, психологиядан тест, ҚР заңдары тест | Талқыланбайды
Қазан 8, 2010

Құрметті ұстаздар және сайт қонақтары ! Блог “Бәйге” қазақ ұлттық интернет жүлдесі сайысына қатысуда, жүлдеден дәметпеймін, дегенмен сайтқа дауыс беріп қолдау көрсетсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді. Интернет дауыстарыңыз емейл арқылы расталады. Мына жерден дауыс беруге болады, немесе суретке шертіңіз. Қолдап дауыс бергендерге алдын-ала алғысымды білдіремін.

Posted in Білім беру | Tagged блогинг, білім беру, бәйге, қазақ мектебі, ұлттық жүлде, ұлы тұлға, ұстаз | Пікір қалдыру »
Қыркүйек 18, 2010
Құрметті физиктер, физика пәнін оқытуды бастаған кезде 7 сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру физика пәнін ары қарай жалғастырып оқытудағы нәтижеге жетудің алғы шарты екені белгілі. Сондықтан сіздердің назарларыңызға кеше 17.09.10 күні ата-аналарға, 7 сынып оқушыларына дайындап өткізген “Физика патшалығына саяхат” атты сыныптан тыс ойын-сабақтың үлгісін ұсынып отырмын. Ескерту. Ойын сабақты тек 10 сынып оқушылары жүргізеді.
Үлгі: презентация
Posted in Білім беру | Tagged білім беру, оқу-тәрбие, сабақ беру, сыныптан тыс жұмыс, физика сабақтар, ұлы тұлға, ұстаз | Пікір қалдыру »
Мамыр 20, 2010
Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр-деп ақын жырлағандай соңғы қоңырау мерекесі әрбір мектеп бітіруші түлекке есте қаларлықтай күн екені рас. Мектеп оқушылар бұл күнді асыға күтеді, бірақ кейін өскеннен кейін ол балалық, мектеп қабырғасындағы күндердің көзден бұлбұл ұшқаны есіне түскенде көздеріне еріксіз жас алары хақ.
Ұстаздарға, мектеп оқушыларына көмек болсын деген оймен бірнеше “Соңғы қоңырау” мерекесінің үлгілерін жинақтап беріп отырмын.
Соңғы қоңырау 1;
Соңғы қоңырау 2;
Соңғы қоңырау 3
Posted in Білім беру | Tagged мектеп бітіру, соңғы қоңырау, соңғы қоңырау сценарии, қазақ мектебі, ұлы тұлға, ұстаз | 12 пікір »