Жанғозының блогы

білім жаңалықтарына және ұстаздарға арналады. Физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау.

Физиктерді қолдау сайты Қазақ Интернетіне көшті

Құрметті сайт қонақтары!

2012 жылдан бастап физиктерді қолдау сайты Қазақ Интернетіне жаңа серверге көшті. барлық жұмыстарды сонда көруге болады.

www.physic.kz

Жаңа сайтқа қош келдіңіздер!

 

Жаңа оқу жылымен!

Құрметті әріптестер! жаңа оқу жылдарыңыp құтты болсын, шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін!

Биылғы оқу жылында жұмыста өте көп. Блогым уақытша жаңармай жатса ренжіп, сөкпеңіздер.  Шама келгенше блогымды жаңалап тұруға тырысамын. Сіздердің жұмыстарыңызды, пікір ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймын.

Физикадан емтихан билеттері

Физика мұғалімінің жұмысының нәтижесі күнделікті материалдарды нақты түсіндіріп, оны бекітіп, оқушылардың алған білімін жүйелі түрде тексеріп, оған қорытынды жасағанда ғана жүзеге асады.

Оқушылардың білімін тексерудің бірнеше жолдары бар екені белгілі.  Мысалы, оқушыларды орнынан тұрғызбай жауап алу, тақта алдына шығарып, оқыған мазмұнды тыңдау, сапалық және сандық есептерді шығарту, бақылау жұмысы,  диктант алу, тест жұмыстары тағы басқа түрлері кездеседі. Read more…

Ғарышты игеру жетістіктері

Биылғы жылдың 12-сәуірінде Юрий Гагариннің  ғарышқа  ұшуына 50 жыл толатыны белгілі. Адамзаттың зымырап өткен 50 жылдағы ғарышты игерудегі жетіктіктері қаншама. Назарларыңызға “Ғарышты игеруге 50 жыл атты” презентация үлгісін ұсынып отырмын.

Презентацияны мына жерден көшіріп алуға болады.

Физикадан электронды оқулықтар

Физика пәнін оқытудағы электронды оқылықтардың пайдасы зор екені айтпаса да түсінікті. Осыған  орай физикадан желіде жарияланған электронды оқулықтардың тізбесін ұсынып отырмын. Қосатындарыңыз болса тізімді көбейтсек оқушылар мен оқытушыларға пайдасы тиері сөзсіз ғой. Пайдаларыңызға жарасын!

Физика 10 сынып

Физика – механика курсы

Физика – молекулалық физика және термодинамика

Физика – Электродинамика курсы

Физика – Молекулалық физика

Физика-Классикалық механика, Тербелістер мен толқындар, молекулалық физика термодинамика.

7-сыныпқа презентациялар

Құрметті әріптестер, оқушылар бүгін 7-сыныпқа презентациялар парағын жасадым. Мақсат 7-сыныпты оқытуға арналған қосымша материалдар қорын жаңалау, толықтыру.   Оқушылардың физиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін сабаққа қосымша көмек құрал ретінде пайдалануға болады.  Уақытымен 7-сыныпқа барлық тақырыптарға материалдар жарияланатын болады. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарда презентацияларды көшіріп алып кез-келген уақытта оқып, сабаққа дайындалуына болады.  Кейінірек басқа сыныптарға материалдар жариялану жоспары бар. Материалдарды толықтырып қосатындарыңыз, ескерту, ұсыныстар мен пікірлеріңізде қабылдауға әзірмін.

10-сыныпқа презентациялар

10 сынып презентацияҚұрметті әріптестер, оқушылар 10-сыныпқа  презентациялар парағын жасадым. Мақсат 10-сыныпты оқытуға арналған қосымша материалдар қорын жаңалау, толықтыру.   Оқушылардың физиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін сабаққа қосымша көмек құрал ретінде пайдалануға болады.  Уақытымен 10-сыныпқа барлық тақырыптарға материалдар жарияланатын болады. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарда презентацияларды көшіріп алып кез-келген уақытта оқып, сабаққа дайындалуына болады.  Материалдарды толықтырып қосатындарыңыз, ескерту, ұсыныстар мен пікірлеріңізде қабылдауға әзірмін.

Мұғалімнің аттестациясы

аттестация Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ҚР БҒМ мұғалімдерді 3 пән бойынша (ҚР заңдары, педагогика-психология және мамандық бойынша таңдаулы пән) компьютерлік бағдарлама арқылы тест сынағын жүргізетіні белгілі. Өткен 2008 жылы алғаш рет байқау сынағын өткізгені белгілі. Биылғы 2010-2011 оқу жылында аттестаттауға өтініш берген барлық ұстаздар 5-қарашадан бастап тест сынағын міндетті түрде тапсырмақ. Read more…

“Бәйге” қазақ ұлттық интернет жүлдесі

Қазақ ұлттық интернет жүлдесі

Құрметті ұстаздар және сайт қонақтары ! Блог “Бәйге” қазақ ұлттық интернет жүлдесі сайысына қатысуда, жүлдеден дәметпеймін, дегенмен сайтқа дауыс беріп қолдау көрсетсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді. Интернет дауыстарыңыз емейл арқылы расталады. Мына жерден дауыс беруге болады, немесе суретке шертіңіз. Қолдап дауыс бергендерге алдын-ала алғысымды білдіремін.

Физика патшалығына саяхат

Құрметті физиктер, физика пәнін оқытуды бастаған кезде 7 сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру физика пәнін  ары қарай жалғастырып оқытудағы нәтижеге жетудің алғы шарты екені белгілі. Сондықтан сіздердің назарларыңызға кеше 17.09.10 күні  ата-аналарға, 7 сынып оқушыларына дайындап өткізген “Физика патшалығына саяхат” атты сыныптан тыс ойын-сабақтың үлгісін ұсынып отырмын. Ескерту.  Ойын сабақты тек 10 сынып оқушылары жүргізеді.

Үлгі:   презентация

Post Navigation